Жаңалықтар

2020 жылдың 20 қарашасында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиалына келді.

Іссапар мақсаты – филиал қызметінің жай-күйімен танысу, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты жобаларды жүзеге асыру үшін идеяларды іріктеу.
Ұжыммен кездесіп, жұмыс барысындағы шешу өзектілігі маңызды мәселелерді талқылағаннан кейін, идеялар фабрикасына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Мұқашев Әділбек Қайырбекұлы, облыстық мәслихат аппаратының басшысы Айтқалиев Тимур Владимирович, облыстық басқармалар өкілдері, Президенттік жастар кадр резервіне Ақтөбе облысынан енген мемлекеттік қызметшілер, Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері мен магистранттары, облыстың мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Шара барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет пен басқару жүйесін жетілдіру, бизнес процестерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметті көрсетуді цифрландыру, әлеуметтік және кадр саясаты бағыттары бойынша ұсынылған төмендегі идеялар:
«Мемлекеттік қызметте бизнес процастерді оңтайландыру»;
«Судың да сұрауы бар»;
«Мемлекеттік қызмет есебін автоматтандыру»;
«Строительства кампуса «Страна лидеров»;
«Ауыл әкімінің бір күні»;
«Буынаралық трансформация жағдайында мемлекеттік қызметті құрлымдау» талқыланып, жүзеге асырылу үшін іріктеліп, ұсыныстар берілді.