Жаңалықтар

Білім жүйесі және заман талабы

Бүгін Қазақстанның мемлекет қайраткері, Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы Байменовтің мемлекеттік қызметшілермен «Білім жүйесі және заман талабы» тақырыбында кездесуі өтті.

Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұжымы сонымен қатар, біліктіліктерін арттыру семинары мен қайта даярлау курсынаның мемлекеттік қызметшілері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алушы студенттері қатысып, мемлекеттік басқару туралы өте мағыналы дәріс өтті.