«Заманауи басшы – басқарып отырған мекеме қызметкерлерінің әл-ауқатының тұрақты дамып отыруына жағдай жасап жатады. Бұл өз кезегінде ұжым алдына қойылған мақсаттардың уақытылы және сапалы жүзеге асуына жәрдемдеседі».
Бүгін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ сұранысы бойынша жоспардан тыс 1 күндік корпоративтік тренинг ұйымдастырылды.
«ЖЕКЕ ТИІМДІЛІКТІ ДАМЫТУ. СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ. ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ»
Тыңдаушылардың бойында тиімді мінез-құлықтың көрсеткіштерін ескере отырып, шектеулі уақыт пен эмоционалды қысым жағдайында жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ету бойынша құзыреттілік пен мінез-құлық дағдыларын жетілдіру мақсатында
- Күйзеліске төзімділік
- Жүйелік басқару
- Жеделдік
- Өзін-өзі дамытут құзыреттіліктері дамыды.
- Қамтылған тақырыптар:
- Тайм-менеджмент қағидаттары
- Уақытты басқару құралдары
- Күйзеліс жағдайларындағы тиімді мінез-құлық стратегиялары
Сәтті мінез-құлық модельдері – CASE STUDY. BRAINSTORMING, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС, ВЕБИНАР-ИНТЕРАКТИВТІ ПІКІРТАЛАС ТҮРІНДЕ ӨТТІ.