Жаңалықтар

«ӨҢІРЛІК ДАМУДЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ»

Бүгін Филиалда Ақтөбе қаласы мен аудан әкімі аппаратының басшылары және персоналды басқару қызметі бөлімдерінің өкілдеріне арналған екі күндік семинар басталды.

Күн Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиалы мен «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен бастау алды. Семинардың ашылуына облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауов қатысты.

 Негізгі мақсат – аппарат басшылары мен персоналды басқару қызметі бөлімдері өкілдерінің кәсіби дағдыларын дамыту және жаңа трансформациялық ойлау мәдениетін қалыптастыру.

Семинарда тыңдаушылар:
Коммуникативтік менеджмент, БАҚ-пен жұмыс, коучинг, тиімді басқару техникаларын меңгереді.