Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша 50 адам Резервке алынады.
⠀
Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.
⠀
Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік, «Б» корпусының басшы және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
⠀
Резервке алу үшін үміткерлерге келесі кезеңдерден өту керек:
үміткерлерден құжат қабылдау;
күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
ситуациялық тапсырмаларды шешу;
құзыреттерді бағалау;
Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.
⠀
Кезеңдердің басым бөлігі онлайн режимде өтеді. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында жүзгізіледі.⠀
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР PKREZERV.GOV.KZ САЙТЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ