Жаңалықтар

«Qazaqstan Project Management Awards – 2021» II Ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды

3-4 желтоқсан аралығында Академияда «Qazaqstan Project Management Awards-2021» II Ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталған Жобалық жетілдіру Форумы өтті. Аталған конкурс Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, Ұлттық экономика министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, БҰҰДБ және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конкурстың негізгі мақсаты – өз қызметінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді жеке және кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталандыру.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды – өтінімдерді онлайн қабылдау, кәсіби ассессорлардың конкурсқа қатысушылардың есептерін бағалауы, Қазылар алқасы мүшелерінің финалистерді қарауы және анықтауы.

Кокурс жеңімпаздары Форумда марапатталды.

Конкурс нәтижелері мынадай:

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫ» номинациясы

«Орталық мемлекеттік органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): ҚР Мәдениет және спорт министрлігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): ҚР Қаржылық мониторинг Агенттігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

«Жергілікті атқарушы органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Алматы қаласының әкімдігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): Қызылорда облысының әкімдігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): Шымкент қаласының әкімдігі.

«Үкіметтік емес ұйымдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «Integrity» жеке тұлғаны дамытудың қоғамдық қоры;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры.

«Бизнес» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «АРТС» ЖШС;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): «Қазақстандық салаға көмек көрсету институты» ЖШС;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): «Орал трансформатор зауыты» ЖШС.

«Жоғары оқу орындары» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): Қазақстандық инновациялық технологиялық жүйелер университеті.

«Квазимемлекеттік сектор» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): «KEGOC» АҚ;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ.

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРІ» номинациясы

«Орталық мемлекеттік органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): ҚР Қаржылық мониторинг Агенттігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): ҚР Білім және Ғылым министрлігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

«Жергілікті атқарушы органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Алматы қаласының әкімдігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): Шымкент қаласының әкімдігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

«Бизнес» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «Qazaq National Product» ЖШС.

«Квазимемлекеттік сектор» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Жасыл қаржы орталығы (Green Finance Centre).

 «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ» номинациясы

«Орталық мемлекеттік органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): ҚР Жоғарғы соты;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): ҚР Қаржылық мониторинг Агенттігі.

«Жергілікті атқарушы органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Маңғыстау облыстық әкімдігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): Алматы қаласының әкімдігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): Шымкент қаласының әкімдігі.

«Бизнес» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «QAZAQ NATIONAL PRODUCT» ЖШС.

«Жылдың балаға мейірімді үздік жобасы» арнайы номинациясының Жеңімпазы:

«Integrity» жеке тұлғаны дамытудың қоғамдық қоры.

«Жобалық менеджмент саласында үздік тренер-кеңесші» арнайы номинациясының Жеңімпазы:

Тайжанова Жанар Әлімжанқызы.

Биылғы Конкурстың ерекшелігі – қатысушылар санаттарының кеңеюі болып отыр, оған тек мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, квазимемлекеттік сектор мен жоғары оқу орындарының өкілдері де қамтылды.

Осы жылы Конкурсқа жіберілген өтінімдер санының артқанын айта кету керек. 300-ден астам өтінімнің келіп түсуі аталған Конкурсқа деген қызығушылықты білдіреді.

Екі жыл қатарынан өткізіліп жатқан QazPMA Ұлттық конкурсы елімізде жобалық басқару құралдарын тиімді дамыту мен қолдану бойынша бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу мақсатында жобалық менеджерлерді біріктірді.

2020 жылы QazPMA I Ұлттық конкурсын өткізу елімізде жобалық менеджмент саласындағы нормативтік базаны қалыптастыруға және Ұлттық жобаларды іске асыруға кірісуге мүмкіндік бергенін атап өту қажет.