«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақтөбе облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен олардың біліктілігін арттыру семинарлары шеңберінде төмендегі бағыттар бойынша ақылы негізде дәрістер өткізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды:
- Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары:
- Басшының витальді және эмоционалды интеллектісі
- Көпшілік алдында сөйлеу
- Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу
- Практикалық аналитика
- Коммуникациялық менеджмент
- Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу
- Деректер негізінде басқару шешімдерін қабылдау
- Мемлекеттік органдардағы цифрландыру
- Өзгерістерді басқару
- Басшыларға арналған стратегиялық HR
- Көшбасшылық. Pro-белсенді басшы.
- Бастамашылық және жауапкершілік
- Тайм және стресс-менеджмент
- Коучинг
- Әдеп және парасаттылық
- Ойлау дизайны және адамға бағдарлану
- Кәсіби коммуникациялар
- Деректерді талдау
- Шешендік өнер. Презентацияларды дайындау
- Ресми жазылым (мемлекеттік тілде)
- E-Otinish. Азаматтар өтініштерімен жұмыс
- Біліктілікті арттыру семинарларының тақырыптары :
- Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары
- Бюджет қаражатын жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру
- Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру
- Объективті деректер негізінде басқару шешімдерін қабылдау
- Әйелдер көшбасшылығы
- Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары
- Белгісіз жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық
- Дизайн ойлау және адамға бағдарланған трансформация (корпоративтік)
- Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация
- Кәсіби әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық.
- Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметтер және қызмет тұтынушыға бағдарлану
- Шиеленістерді реттеу және этномедиация
- Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджі
- Проактивті ойлау және жеке тиімділік
- Сыни ойлау және инновация: жаңа шешімдер мен тәсілдер
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс
- Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық
- Өңірдің тұрақты дамуын басқару
- Жергілікті өзін-өзі басқару: өңірді кешенді дамыту
- Өңірлік саясат: мықты өңірді қалыптастыру құралдары
- Мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру
- Шығармашылық индустриядағы трендтер мен инновациялар: мемлекеттік органдардың перспективалары
- «Цифрлық гигиена» және ақпараттық қауіпсіздік
- Мемлекеттік сатып алулар: практикалық қолданылуы
- Қаржылық сауаттылық
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар төмендегі критерийлерге сәйкес болуы керек:
- Мемлекеттік қызмет саласында және/немесе квазимемлекеттік секторда практикалық тәжірибесінің болуы;
- тренингтер өткізу тәжірибесінің болуы (мемлекеттік және/немесе квазимемлекеттік секторда) кемінде 3 жыл;
- жоғары білімінің/магистр дәрежесінің болуы, PhD дәрежесінің болуы құпталады;
- мемлекеттік, сондай-ақ орыс тілін білу;
- оқытудың интерактивті әдістемелерін білу;
- таңдалған тақырыптар бойынша клиентке бағдарланған кейстерді дайындау тәжірибесі (мемлекеттік басқару саласы мен мемлекеттік қызметке қатысты болуы құпталады).
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін Сіз төмендегі құжаттарды электронды адреске (akt.info@apa.kz) жіберуіңіз қажет:
-
- түйіндеме (үлгі бойынша) (жүктеп алу)
- жоғары білім туралы құжат (магистратура, PhD)
- таңдалған тақырып бойынша презентация (үлгі бойынша) (жүктеп алу)
Конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 8 қазаны сағ. 17-30-ға дейін жүргізіледі.
Қойылатын талаптарға сәйкес келетін үміткерлер 2025 жылдың 9 қазаны күні комиссия мүшелерімен өздерінің бағдарламаларын (мемлекеттік/орыс тілдерінде) таныстыру үшін әңгімелесуге шақырылатын болады.
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі №10 үй, 4 қабат.
Анықтама телефондары: 8 (7132) 74-30-53, 74-30-52
Саламатсызба, Салтанат Бахытовна!
Академия филиалынан , жетекші сарапшы Марта Қайырбекқызы Иманова. Өзіңіз таңдаған тақырып бойынша презентацияны толықтырып қайта салсаңыз. Сіз, әдетте, тыңдаушылармен, аудиториямен қалай жұмыс жасайсыз, қандай кейстер келтіресіз, қандай интерактивті әдістер қолданасыз, соны көрсетуіңіз қажет болады.