Біздің қызметіміз

        Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы әлемдік менеджменттің тәжірибесі мен басқару элитасын дамыту құралдарын басшылыққа ала отырып, өз жұмысын  аймақ мемлекеттік қызметшілерін  трансформациялау бойынша  жаңа курсқа бағыттады.

        Филиал  біліктілікті арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын құруда басты міндет  – өңір ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызметшілердің жаңа моделін қалыптастыруға,  мемлекеттік қызметшілердің  кәсіби деңгейін арттыру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына үлес қосу.

        Тренингтер мен жобалар құзіреттіліктердің бірыңғай шеңберін қалыптастыруға бағытталуда.   Интерактивті жұмыстарға, тренингтік және коучинг қызметтеріне, мини – жобаларға, корпоративтік инициативаларға,  ХХI ғасыр офисінің фишкаларына, кейстер және  іскер ойындарға, диалог алаңдарына, брейнстормингтерге басымдық танытылуда.

Филиал  өз міндеттерін  қандай жобалар арықылы жүзеге асыруда?

Біріншіден, жаңғыртылған білім беру өнімдерінің кластері – білім беру бағдарламалары, оқыту семинарлары, тренинтер, интеллектуалдық платформа.

Екіншіден, бірлескен жобалар:

  • Облыс әкімдігімен «Ақтөбе облысының көшбасшы – басқарушыларының дәрістері »,  табысты  тұлғалармен кездесу,  Даму күндері;
  • Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен  –  «Өзгерістер  елшілері», «Адалдық дүкені», корпоративтік бастамалар мен акциялар;
  • «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен – жобаларды қорғаудағы эксперттік қызметтер ;
  • кәсіподақ ұйымдарымен – кәсіподақ көшбасшыларына арналған тренингтер;
  • өңір жоғары білім беру орындарымен – ғалымдармен ынтымақтастық,  «Мансап» басқарушылар мектебімен  жұмыс;
  • өңірлік БАҚ , әлеуметтік желілермен   «Интеллектуалдық кафе», «Креативтік идеялар мұражайы» жобалары , «Ашық әңгіме», «Сәті түскен сұхбат» бағдарламалары.