Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және оқытудың біріңғай стандарттарын енгізу мақсатында 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы ретінде қызмет ете бастады.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Жарғысының 11 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлік және жекешелендіру комитетінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № КГИП -6 4814-КГИП -1997 хаты негізінде құрылды.
Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Академия Жарғысын және өзге де нормативтік актілерді, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалы туралы ережесін басшылыққа алады.
Филиал қызметінің мақсаты Академияның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі ретінде Ақтөбе облысы аумағында Академияның функцияларын жүзеге асыру, Академияның мүдделерін қорғау және білдіру болып табылады.
Филиал қызметінің мәні жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік органдарының және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттіек қызметшілерін, дипломатиялық қызмет персоналын, соттарды, сот жүйесінің қызметкерлерін, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери және азаматтық қызметшілерді, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар қызметкерлерін, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайтын тұлғаларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды іске асыру), сондай-ақ мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту және енгізу.