Филиал республикада алғашқылардың бірі болып «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерісті өзіңнен баста!» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өзгерістер елшілері» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның өзектілігі – мемлекеттік қызметшілерді трансформациялау технологияларын практикалық апробациялау (28 мақсатты қатысушылар). Нәтижесінде 8 «өзгерістер елшілері» мансаптық өсуге қол жеткізді.
Бүгінгі күні өңірдің өзгерістер елшілері кластерін қалыптастыру мақсатында жеке тұлғаны трансформациялауға көпдеңгейлі бағдарламаларды қолдануға, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауда саралау әдістеріне бағыттайтын «Өзгерісті өзіңнен баста!» тақырыбында ғылыми-әдістемелік құрал дайындалып, іске асырылуда.