«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақтөбе облысы бойынша филиалы 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен олардың біліктілігін арттыру семинарлары шеңберінде төмендегі бағыттар бойынша ақылы негізде дәрістер өткізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды:
- Шиеленістерді реттеу және этномедиация
- Цифрлық құзіреттіліктерді дамыту: Dafa Science, деректерді визуализациялау және блокчейн технологиялары
- Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу
- HR менеджмент
- Тиімді іскери коммуникация
- Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері
- Ресми мәтін және жазылым дағдылары
- Жобалық менеджмент
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар төмендегі критерийлерге сәйкес болуы керек:
- Мемлекеттік қызмет саласында және/немесе квазимемлекеттік секторда практикалық тәжірибесінің болуы;
- тренингтер өткізу тәжірибесінің болуы (мемлекеттік және/немесе квазимемлекеттік секторда) кемінде 3 жыл;
- жоғары білімінің/магистр дәрежесінің болуы, PhD дәрежесінің болуы құпталады;
- мемлекеттік, сондай-ақ орыс тілін білу;
- оқытудың интерактивті әдістемелерін білу;
- таңдалған тақырыптар бойынша клиентке бағдарланған кейстерді дайындау тәжірибесі (мемлекеттік басқару саласы мен мемлекеттік қызметке қатысты болуы құпталады).
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін Сіз төмендегі құжаттарды байланыс электронды адреске (akt.info@apa.kz) жіберуіңіз қажет:
- түйіндеме (үлгі бойынша) (жүктеп алу)
- жоғары білім туралы құжат (магистратура, PhD)
- таңдалған тақырып бойынша презентация (үлгі бойынша) (жүктеп алу)
Конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 09 қаңтары сағ. 17-30-ға дейін жүргізіледі.
Қойылатын талаптарға сәйкес келетін үміткерлер 2023 жылғы 10 қаңтары күні комиссия мүшелерімен өздерінің бағдарламаларын (мемлекеттік/орыс тілдерінде) таныстыру үшін әңгімелесуге шақырылатын болады.
Анықтама телефондары: 8 (7132) 74-30-56, 74-30-52