Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы аймақтағы жобалық менеджментті дамыту үшін облыс әкімдігімен тығыз жұмыс жасайды.
2021 жылғы 11 маусым күнгі ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандарты бойынша кәсіби сертификаттау емтиханынан сәтті өткен үміткерлерге бекітілген үлгідегі сертификат табысталды.
Филиалдағы әріптестер де үнемі жобалық басқару құралдарын қолдану бойынша семинар-тренингтер, консультациялар өткізеді, бүгін филиалдың оқытушы-профессорлар құрамы мемлекеттік қызметшілермен бірге емтихан тапсырып, сертификаттаудан сәтті өткен Мусиралина Бұлбұл Оқасқызын, Муса Рустам Асанұлын «Жобаның басшысы» санатын игеруімен құттықтаймыз!