Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының баспасөз хатшысы, медиа тренер – Ақерке Берлібай Ақтөбе облысы бойынша филиалы ұжымына «Əлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында әлеуметтік желідегі жеке профильді, ұйымдардың бизнес-парақшаларын жүргізу, желі арасында ақпарат алмасу, жағымсыз пікірлермен жұмыс секілді сұрақтар егжей-тегжейлі қарастырылды.