Алғашқы семинардың «Үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық кеңестермен жұмыс ерекшеліктері» аталуының өзіндік мәні бар.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын.
Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз.
Осы орайда семинар тыңдаушылары төмендегі мәселелер бойынша ашық диалогтарға қатысып, салаға қатысты білімдерін жетілдіреді:
-мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тәжірибесі;
-азаматтық қоғамды дамытудағы, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауындағы ҮЕҰ рөлі;
-қоғамдық кеңестермен жұмыс істеу ерекшеліктерінің механизмдері;
-Еріктілер қозғалысын ұйымдастыру технологиялары.