Ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен кездесу қонағы, сол кездегі жалынды жас, өршіл намысты ару Мусина Маншук Жахатқызы.
Кездесу барысында «Қазақстанның болашағы жарқын. Ол күндер қазір Тарих – халықтың зердесінде. Тәңірдің берген сыйы – Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырғанымыз, ата- бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген. Ендігі бір арманым өмірім туралы кино түсірсем».
Біз қазір өз еркіміз өзіміздің қолдағы, ешкімнің алдында есеп бермейтін, әлем мойындаған тәуелсіз мемлекетпіз. Бұл бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті. Ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық рухты өсірді.
Тағылымы мол, рухани азық берер кездесу барысында тыңдаушылар өз сұрақтарына да жауап алды.