Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 20 желтоқсандағы шешімі және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысы негізінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ағымдағы оқу жылының көктемгі семестрінде 1-курстың (барлық деңгейдегі – магистратура және докторантура) білім алушыларын аралас оқыту форматына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Академияда аралас оқыту форматы – бұл бір білім беру бағдарламасы шеңберіндегі онлайн және оффлайн оқыту форматының үйлесімі.