Қайта даярлау курсы тыңдаушыларымен өткізілген Даму күні дәл осылай аталды.
Алғыс – адамның – адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі.
1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ.
Елімізде 2016 жылдан бері аталып келе жатқан бұл мерекенің мәні де, мағынасы да зор.
Жер әлемді шуаққа бөлейтін көктемнің алғашқы күнімен тұстас келетін Алғыс айту күні – патриоттық сезімді арттыратын бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамының бастамасымен өткен шара барысында тыңдаушылар “Қарғыс алма, алғыс ал!” қанатты сөзінің тереңіне тағы бір мәрте бойлады, жүрекжарды ниет-тілектерін интерактивті тәсілдерді қолдана отырып жеткізді.
“Жақсы сөз – жарым ырыс” демекші, Алғыс айту күні ғана емес, арайлап атқан əр күні бір-бірімізге “Рақмет” айтудан шаршамайық, достар!