Жаңалықтар

БҰЛ КУРС БҰРЫНҒЫ КУРСТАРДАН ӨЗГЕРЕК…

   Бүгін Филиалда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш
кірген мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсы өз жұмысын бастады. Ерекшелігі сол – курс онлайн түрде жүргізіледі. Ол 30 мамырға дейін жалғасады.

   Тыңдаушылардың 120 академиялық сағатты игеруіне толық мүмкіндік жасалған.
Профессорлық-оқытушылық құрамның дәрістерін меңгеруде ZOOM, MOODLE платформаларының мүмкіндіктері пайдаланылуда.

   Курстың мақсаты- мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзіреттіліктерді дамыту.

   Мақсатқа жету жолында курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!