Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының филиалдары «Filials Talks» алаңында бас қосып, «Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіби мемлекеттік аппаратты жетілдірудегі Филиалдардың рөлі» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл шара филиалдар арасында горизонталды коммуникацияны дамытып қана қоймай, бірлескен жобалар әзірлеуге мұрындық болды.
Шара нәтижесінде:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Ақтөбе облысы филиалымен «Ұлылардан ұлағат» әдістемелік құралды бірлесіп шығару ұсынылды;
Қостанай облысы бойынша филиалы тыңдаушыларының жобалық жұмыстарын көпшілікке таныту, жоба авторларын ынталандыруға бағытталған идеясы қолдау тапты;
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының мемлекеттік тілдегі үлесін арттыру, осы салада филиалдар арасында ынтымақтастық орнату мәселелері қаралды.
Қатысушылар Filials Talks-ты тұрақты әрекет ететін (әр айдың соңғы жұмасы күні) көшпелі алаң ретінде жалғастыру туралы шешім қабылдады.
-Филиал директоры Байбосынов Серікжанның бастамасымен Қарағанды облысының филиалына эстафета табысталды. Идеямызды қолдап, белсенділік танытқан қатысушыларға алғысымыз шексіз!!!