ISO 37001: «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне енгізу мәселесі бойынша семинар-кеңес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облыстық департаментімен бірлесе ұйымдастырылды.
Филиалдың ZOOM платформасында облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттерінің, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдіктерінің , жоғары және арнайы білім беру мекемелерінің басшылары мен өкілдері, барлығы 79 мекеме қатысқан алаңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының сарапшысы Қабылдин Айбек Мейрамханұлы стандартта белгіленген бірқатар талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
Бүгінгі күні бұл стандарт әлемдік практикада ұйым ішінде де, сондай-ақ сыртқы өзара іс-қимылдарда да сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін тиімді және сенімді құрал ретінде танылған.
Семинар соңында сұрақтар қойылып, шешу жолдары нақтыланды.