Жаңалықтар

Кезекті көшпелі курс ANTIKOR ORTALYǴYNDA өтті

«Мемлекеттік сектордағы инновация және өзгерістерді басқару» тақырыбында өтіп жатқан біліктілікті арттыру семинарына қатысушы мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бірінші сыныпты біліктілік санаттағы ресми өкілі Бердалин Арман Тлектесұлымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – кең ақпарат тарату арқылы адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған Республикалық ақпараттық -ағартушылық Штабының жұмысы туралы баяндаған Арман Тлектесұлы қоғамда мәдениеттілік пен парасаттылықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, Отанға, отбасыға адал болу қажеттігін атап өтіп, мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетін бәсеңдетіп, ел экономикасын тұралататын қауіпті дертке қоғам болып қарсы күрес жүргізудің қажеттілігіне баса назар аударды.

Кездесуге қатысушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, қоғамда парасаттылықты дамытудың жолдары жайлы сөз қозғады.