Жаңалықтар

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ БАСТАУ АЛДЫ

   Облыстық және​ қалалық мәслихат​ депутаттарының біліктілігін арттыру семинары басталды.

   ЕҚЫҰ-мен бірлесе 40 академиялық сағатқа жоспарланған семинардың​ мақсаты қазіргі сын-қатерлер мен нақтылық жағдайында​ тиімді қызмет​ ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзіреттіліктері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру.

   5 модульден тұратын семинар барысында заң шығару қызметі, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы, депутаттық қызметті тиімді ұйымдастыру, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, тиімді коммуникациялар, мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара қарым-қатынасы және өзге де сұрақтарды қамтыды.