Бүгін 3 қазан Академияның Ақтөбе филиалында -Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының
ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін «МӘСЛИХАТТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУ» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
– Семинардың мазмұнды өтуін қадағалаған Батталова Зауреш Қабылбекқызы – Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті.
– «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейту» семинарында сөз сөйлегендер:
– Рахимов Бекзат Рахимұлы – ҚР АҚДМ мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры
– Ричард Уиллер – Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі
– Бигалиев Марат Советұлы -Қазақстандағы Интерньюс өкілдігінің директоры
– Қурманова Жанипа Сәбитқызы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі.
Тренинг USAID және Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және Internews-пен бірлесіп өткізілді.
Аталған ұйымдардың өкілдері мен басшылары семинардың ашылуында сөз сөйлеп, өздерінің лебіздерін білдірді.