Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін онлайн оқыту арқылы арттыруда

   Қазір онлайн оқып жатқандар оқушылар мен студенттер ғана емес. Қашықтан оқудың қызығы мен шыжығын мемлекеттік қызметшілер де көріп жатыр. Осы жүйемен ондаған маман кәсіби біліктілігін арттыруда. Олардың оқу желісі қалай өтуде? Тілші баяндайды… Мемлекеттік қызметшілер кәсіби деңгейін 3 жыл сайын арттырып отыруы қажет.

   Әдетте аудан, ауылдағы бөлім басшылары мен мамандары облыс орталығындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалына ат басын бұратын. Лекторлармен бетпе-бет отырып, білімдерін шыңдайтын. Ал, қазіргі төтенше жағдай оларды көк жәшіктің алдында отырғызды. Кәсіби біліктіліктерін шыңдап жатқан мамандардың басым бөлігі аудандардан.      Көргеніміздей онлайн байланыста кедергі жоқ, интернет желісілінің жылдамдығы жоғары. Профессор-оқытушылық құраммен кері байланыста іркіліс жоқ. Осы жылдың ақпан-наурыз айларында 400-ге жуық мемлекеттік қызметші түрлі семинар мен оқу курстарына қатысып, тәжірибе жинақтады. Мұнда оқу кезең-кезеңімен өтеді.

AKTOBETV.KZ