Жаңалықтар

МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДА

2021жылдың 16 маусымы күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен бірлесе «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің тұжырымдамалық ерекшеліктері: әкімшілік юрисдикция және сот төрелігі, азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
-Конференция жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бірінші вице-ректоры, з.ғ.д., профессор Е.Ш. Дүсіпов ашып, Кодекс нормаларын түсіндіру бойынша Академия тарапынан атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

-Конференция жұмысына Германия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасынан және отандық ғалымдар мен мемлекеттік орган, азаматтық қоғам өкілдері -Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікті ілгерілету» құқықтық бағдарламасының директоры, судья (Берлин, Германия) Й. ПУДЕЛЬКА;
-Қырғыз-орыс славян университетінің профессоры, т.ғ.д., сарапшы, отставкадағы полиция полковнигі Г.М Алиева;
-Нұр-Сұлтан Сарыарқа аудандық сотының судьясы, PhD С.М Шамшинурова;
-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас сарапшысы Д.Б Байбулов мақалаларымен қатысты.