Жаңалықтар

ОБЛЫС БАСШЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Жыл бойы Филиал қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, өз саласының шеберлері, кәсіби мамандар, мемлекеттік қызмет саласының үздіктерімен кездесулер, мотивациялық сұхбаттар өткізіліп келеді.

Бүгін де «Идеялар фабрикасы» форматында мемлекеттік басқару саласындағы зор тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, еңбек жолын енді бастаған қызметшілер және бүгінгі студент – ертеңгі маман АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРАЛЫ ЛҰҚПАНҰЛЫ ТОҒЖАНОВПЕН кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы көшбасшы ретінде көп жылғы тәжірибесімен жас басшылармен, еңбек жолын жаңа бастап жатқан мемлекеттік қызметшілермен бөлісті.

Мемлекеттік қызметшілер, «Мансап» мемлекеттік қызметіне қабылданған Филиалдағы «Болашақ басқарушылар» жобасының қатысушылары әлеуметтік-экономикалық маңызы бар идеяларын ортаға салды.

Кездесу соңында Ералы Тоғжанов қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып жүрген жас мемлекеттік қызметшілерге Алғыс хаттар табыстады.