Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсуді қалайтын мемлекеттік қызметшілерді қолдау мақсатында Академия филиалында ақысыз негізінде «Pre-sessional» – дайындық курсы басталады.
Дайындық курстары ағылшын тілінің деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді, себебі Академияға оқуға түсуге үміткерлер IELTS, TOEFL немесе Британдық Кеңестің «APTIS» тестін тапсыру арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растауы қажет.
Аталған курсқа іріктеу қараша айының 28-29 аралығында өтеді.
Бүгінгі іріктеуге Актөбе қаласы мен аудандар әкімдері аппараттарының, облыстық басқармалардың мамандары қатысты.