Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ

Президенттік жастар кадр резервіне алғашқы іріктеу 2019 жылы ұйымдастырылды. Ақтөбе облысы бойыншы бұл іріктеуге 289 жас қатысты, олардың 12- сі резервке алынды.
Бүгінгі таңда 11 резервші жұмысқа орналастырылды, бұл жалпы санның 91,6% құрайды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Президенттік жастар кадр резерві-2021 іріктеу басталды, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады.
Резервке қатысуға 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
Биылғы іріктеудегі ерекшелігінің бірі – үміткерлерде мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификаттың (В1 деңгейінен төмен емес) болуы.
Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынының Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Саида Әсетқызы Садуакасова; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мадина Сабирова; 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резерві жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиалының штаттан тыс лекторы; Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары Нұржан Мақсатов ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІнің іріктеу кезеңдері турасында «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасындағы «Жас STAR» хабарында облыс жастарымен бөлісті.
Бұл туралы толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

                          

https://aktobetv.kz/kz/archive/programs/programs_poz/zhastar/1220894