Тәуелсіздігміздің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік тіл шеруін құрметпен қабылдап, «Қазақ ұлты – салт дәстүрдің кеншіс» тақырыбында DEVELOPMENT DAY шарасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы Online платформасында жалғастырды.
«Қазақ халқының салт – дәстүрлері» бейне көрсетілімнен кейін, шеру қонағы – @zhubanov.university Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік унверситеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Садирова Кульзат Каниевна «Қазақтың салт-дәстүрі – халқымыздың мәдени-рухани қасиетінің айнасы» туралы мазмұнды мағұлмат берді.
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.
Алайда, мені қынжылтатын бір жағадай бар, ол – қазіргі таңда кейбір салт-дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз. Салт – дәстүрдің бір элементі ұлттық киім. Бүгінгі шеруді пайдаланып, филиал атынан «Жұма күні бәріміз бірге ұлттық киіміміздің бір элементі қазақы кәжекей киіп жүруді ҰСЫНАМЫЗ».
«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста» (М.Ганди), сөзіне сүйене отырып біздің ұсынысымызға ізгі ниет жылы қабақ танытады деп ойлаймын. Қазақы киімнің барша сымбаты ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Шараның өтуіне қолдау көрсеткен Академияның Мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің доценті Айтмухаметова Құралай Өзбекқызына, филиалдардағы әріптестерімізге, кеңесшілерге, курс тыңдаушыларына зор алғыс білдіреміз!