Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы” 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұрын мемлекеттік қызметшілер жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл, оның ішінде кемінде бір жыл өзін оқуға жіберген мемлекеттік органда еңбек қызметін жүзеге асыруы тиіс болатын.
Бұл норма түлектеріміздің өздерінің әрі басқа да мемлекеттік органдардың жоғары лауазымдарының бос орындарына орналасуға арналған конкурстарына қатысуын шектеді. Нәтижесінде Академия қабырғасында жинақталған тәжірибе, алынған білім мен дамыған құзыреттіліктердің сұранысқа ие болу дәрежесі төмендей бастады.
Енді №125 ҚРҮҚ 24-тармағы келесідей өзгерістермен толықты:
“Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды тікелей аяқтағаннан кейін кемінде үш ай өзін оқуға жіберген мемлекеттік органда еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттік қызметші конкурс қорытындысы бойынша басқа мемлекеттік органдағы жоғары лауазымға орналасқан жағдайда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадрлық резерві жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша Президент жастар кадр резервіне ауыстыру және/немесе есепке алу тәртібімен сол мемлекеттік органда жұмысты өтеуін жалғастыра алады.