Құрметті әріптестер!
Біз 2024 жылға арналған «Қазақстанның өңірлері: сын-қатерлері мен шешу жолдары» атты Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының басталғанын қуанышпен хабарлаймыз. Бағдарламаны «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ (бұдан әрі – ҚСЗИ) жүзеге асырады және отандық жас сарапшылардың талдау және зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсетуге бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты – сарапшылар қауымдастығын жаңа мамандармен және инновациялық идеялармен толықтыру үшін дарынды жас сарапшыларды қолдау.
Бағдарламаның міндеттеріне жас сарапшыларды іріктеу, олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіру арқылы біліктілігін арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын ғылыми жобаларды іске асыруға әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ жастар арасында сараптама-талдау қызметін кеңінен насихаттау кіреді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысу үшін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:
– Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде жасы 40 (қырықтан) аспаған Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
– Eліміздің облыстарының бірінде тұруы (Астана және Алматы қалалары есептелінбейді);
– гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша кемінде магистр дәрежесі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;
– ғылыми басылымдарда жарияланымдары және БАҚ-та талдамалық материалдары болуы.
Финалистерді іріктеу
– Үйлестіруші Бағдарламаға қатысушылардың жеке талдамалық есептерін Конкурстық комиссияның қарауына жібереді. Байқау комиссиясы ұсынылған талдамалық есептерді 5 жұмыс күні ішінде бағалайды және жай дауыс беру арқылы Финалистерді анықтайды.
– Байқау комиссиясының шешімі негізінде 3 жұмыс күні ішінде Финалистпен жеке талдамалық есепті әзірлеу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалады. Гонорар сомасы салық төлемдерін есепке алғанда 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды.
– Конкурстық комиссияның шешімімен Бағдарламаның финалистері 1 жыл мерзімге ҚСЗИ кадрлық резервіне енгізуге ұсынылады.
Бағдарламаның өткізілу кезеңі
1. |
Қатысушыларды іріктеу: |
Мерзімі |
1.1 |
Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау. Үміткер өтінімнің сканерленген көшірмесін белгіленген нысан бойынша granty.kisi2024@gmail.com электрондық поштасына жібереді |
2024 ж. 1 мамыр 2024 ж. 1 маусым аралығында |
1.2 |
Техникалық талаптарға және № 1 және № 2 Бағалау критерийлеріне сәйкес конкурстық негізде Бағдарламаның 20 қатысушысын іріктеу (№ 5 қосымша) |
2024 ж. 1-10 маусым аралығы |
1.3 |
ҚСЗИ тарапынан Бағдарламаға Қатысушылардың Тізімін бекіту |
31 мамыр 2024 ж. |
2 |
Оқу модулі: |
|
2.1 |
Бағдарламаға қатысушылармен бағдарлау кездесуі (онлайн) |
10 маусым 2024 ж |
2.2 |
Жеке кесте бойынша оқу-әдістемелік тренингтер мен семинарларға, жетекші талдаушылардың шеберлік сабақтарына қатысу (онлайн) |
2024 ж. 14 маусым 2024 ж. 5 шілде дейін |
3 |
Баяндама әзірлеу: |
|
3.1. |
Бағдарламаға қатысушылардың жеке талдамалық баяндамаларын әзірлеуі, Жеке талдамалық баяндамаларды granty.kisi2024@gmail.com электрондық поштасына жіберу |
2024 ж. 8 шілде 2024 ж. 9 қыркүйекке дейін |
3.2. |
Байқау комиссиясының жеке талдамалық баяндамаларды қарауы |
10-24 қыркүйек 2024 ж.
|
3.3. |
Бағдарлама финалистері туралы ақпаратты жариялау |
25 қыркүйек 2024 ж. |
Бағдарламаға қатысуға берілетін Өтінім ҚСЗИ хабарландыруында көрсетілген Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінде ұсынылуы тиіс. Өтінім келесі құжаттарды қамтиды:
– осы Ереженің №2 қосымшасына сәйкес толтырылған өтініш нысаны (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
– осы Ереженің №3 қосымшасына сәйкес уәждемелік эссе (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
– осы Ереженің №4 қосымшасына сәйкес зерттеу тақырыбының негіздемесі (proposal) (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
– үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың скан-көшірмесі;
– магистратураны бітіргені туралы дипломның, философия докторы (PhD)/ профилі бойынша доктор/ ғылым кандидаты/ ғылым докторы (ғылыми дәрежелер бар болса) бітіргені туралы дипломның скан-көшірмесі.
– еңбек кітапшасының немесе еңбек өтілін растайтын өзге де құжаттардың скан-көшірмелері;
– ғылыми еңбектерінің тізімі, мақалалардың скан-көшірмесін немесе жарияланымдарға белсенді сілтемені қосымша жолдау міндетті.
Келесі жағдайларда ҚСЗИ себептерін көрсетпей Өтінімді қараудан бас тартуға құқылы:
– өтінімді хабарламада көрсетілген мерзімнен кеш ұсыну;
– үміткердің құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы, Өтінімде толтырылмаған тармақтардың болуы және/немесе Өтінімнің/Үміткердің осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеуі;
– құжаттардағы дәйексіз деректердің анықталуы;
– ҚСЗИ үшін беделдік нұқсан келтіретін мәліметтердің анықталуы;
– құжаттардың скан-көшірмелерінің сапасының төмендігі;
– уәждемелік эссе мен зерттеу тақырыбының негіздемесіндегі жалпы сөздер саны бойынша талаптардың сақталмауы.
Байқауға қатысу тегін. Үміткер бір ғана Өтінім беруге құқылы. Үміткер ҚСЗИ-ға өтінім бергеннен кейін Өтінімнің осы Ереженің талаптарына сәйкессіздіктерін жою мақсатында Өтінімге өзгерістер енгізуге құқығы жоқ. Өтінімді қарау Үміткердің жазбаша өтініші бойынша ҚСЗИ тарапынан тоқтатылуы мүмкін.
Бағдарлама туралы толық ақпарат, оның ішінде Бағдарлама ережелері, өтінімдер және іске асыру мерзімдері ҚМСИ-нің www.kisi.kz ресми сайтында орналастырылған. Сұрақтарыңыз болса granty.kisi2024@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіз.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢІРЛЕРІ: СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ»
2024 жылға арналған Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының
зерттеу бағыттары
Ішкі саясат:
- Өңірлерді басқарудағы орталықсыздандыру мәселелері.
- Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару процестеріне қатысуы: проблемалары мен болашағы.
- Жергілікті сайлаудың ерекшеліктері: ауылдық және округ әкімдерін сайлау.
- Жергілікті өзін-өзі басқарудағы мәслихаттар: тәжірибесі мен болашағы.
- Өңір күн тәртібіндегі аймақтық көшбасшылар.
- Өңірлердегі әкімшілік-аумақтық реформаның болашағы.
- Облыстағы саяси партиялардың жұмысы.
- Өңірлерді дамытудағы аймақтық элита факторы.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын дайындаудағы жаңа тәсілдер.
- Цифрлық дәуірдегі азаматтық белсенділік: әлеуметтік желілер мен онлайн платформалардың рөлі.
- Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен болашағы.
Әлеуметтік саясат:
- Әлеуметтік қолдау бағдарламаларының тиімділігі.
- Өңірлердегі демографиялық саясаттың мәселелері.
- Өңірлердегі білім беру (мектепке дейінгі, орта, жоғары).
- Өңірлердегі денсаулық сақтау және міндетті медициналық сақтандыру.
- Өңірлердегі қыздар мен әйелдердің фертильділік ұстанымдары.
- Байлар – өңірлердегі әлеуметтік тап ретінде.
- Өлкетану мұражайлары ұлттық бірегейлікті қалыптастыру құралы ретінде.
- Өңірлер тұрғысындағы білім берудегі теңсіздік мәселелері.
- Цифрлық дәуірдегі азаматтық белсенділік: әлеуметтік желілер мен онлайн платформалардың рөлі.
- Міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтердің негізгі міндеттері мен қолжетімділігі.
Экономика:
- Жергілікті бюджеттердің салық түсімдерін жоспарлау: проблемалары мен болашағы.
- Өңірдегі кеңістіктік дамуын басқару: халықаралық тәжірибені талдау.
- Өңірлердің бюджеттік дербестігін арттыру құралдары.
- Жаңа экономикалық курс жағдайында Қазақстан Республикасының өңірлерінде шағын және орта бизнесті дамытудың әлеуеті.
Халықаралық ынтымақтастық:
- Қазақстан мен Ресей өңірлерінің шекаралық ынтымақтастығы: Қазақстан көзқарасы/немесе ресейлік тараптың көзқарастары/немесе мүмкіндіктер мен міндеттер.
- Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығы: тәжірибе, проблемалар, перспективалар.
- Каспий маңы елдерінің шекаралық ынтымақтастығы.
- Трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселелері.