Жаңалықтар

ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА МӘДЕНИЕТІ

2021 жылы Сайлаудан өткен ауылдық округ әкімдерінің дағдыларын жетілдіру үшін филиал қабырғасында 25-29 қазан аралығында жаңа семинар бастау алды.
Семинардың басты мақсаты – сайланған ауыл әкімдерінің дағдыларын жетілдіру үшін, олардың басқарушылық қызметтерінің тиімділігін арттыру, сондай – ақ, стратегиялық, инновациялық ойлауын, трансформациялық көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыру.
Семинарды Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Мемлекеттік кірістерді болжау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлім басшысы, экономика магистрі Сағитұлы Ғазиз бастап, тыңдаушылармен бірге келесі мәселелерді талқылады:
-Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін әзірлеу, қарау, нақтылау және бекіту.
-Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің кіріс, шығыс бөлігі.
-Бюджетті игеру. Бюджеттің атқарылуы.
-Әкімшілік айыппұлдар;
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!