Облыс әкімінің 2020 жылғы 25 мамырдағы №167-Ө өкімімен Ақтөбе облысының Жобалық кеңсесі құрылған болатын. Жобалық кеңседе жобалық басқару элементтерін және ақпараттық жүйелерді қолдана отырып облыстағы барлық жүзеге асырылатын бюджеттік немесе бюджеттен тыс қаржыландырылатын инвестициялық жобалар мен іс-шараларды бақылау жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында аудан және қала әкімдіктері деңгейінде мемлекеттік қызметкерлерді жобалық басқару негіздеріне оқытып, ISO 21500-2014 стандарты бойынша сертификаттаудан өткізу үшін, 2021 жылдың 15-19 қараша аралығында “Жобалық менеджмент” тақырыбында семинар өткізуде.