Жаңалықтар

ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖОБАСЫ

          Ақтөбе облысы бойынша Жобалық кеңсе басшылығының  Тимур Джунельбаев  қолдауымен  Ақтөбе облысының білім басқармасы, «Қазақстан Республикасы Ақтөбе облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе қалалық білім бөлімі, «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестіктерімен Филиал арасында қосымша кәсіптік білім және біліктілік арттыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандум жасалды.

          Мақсат – жобалық басқару технологияларын меңгеру арқылы жалпы білім беру мекемелері қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру, оқушылардың бойында жобалық басқару дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

          Үш жақты меморандум аясында Филиал тарапынан алдағы уақытта «Жобалық менеджмент» ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандарты бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады.