Жаңалықтар

«ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ – МЕКТЕПТЕ» ЖОБАСЫ

          2023 жылдың 27 – 31 наурыз наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалында  Ақтөбе облысы әкімдігі, Жобалық кеңсенің бастамасымен, Білім басқармасы, білім саласындағы кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен «Жобалық менеджмент – мектепте» жобасы іске асырылды.

          Жоба аясында  Ақтөбе қаласының №28 орта мектебі, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы № 3 мектеп-гимназия, Ақкемер орта мектебі ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары, барлығы 60 адам 40 академиялық сағат көлемінде жобаны басқарудың халықаралық тәжірибесімен танысып, Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014  стандарты бойынша теориялық білім алып,  практикалық дағдыларын қалыптастыруда.