ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының оқу залында «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ІЛГЕРІЛЕТУ» – форумына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшылығы және өңірдегі жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.⠀
Академия ректоры Ерлан Әбіл Академиядағы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі туралы айтты, ал қызметкерлер бизнес-процестердің ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру және парасаттылықты дәріптеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.