Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен
«Аудандардағы филиал күндері» жобасы Мәртөк ауданында бастау алды.
Жобаға ауданның мемлекеттік қызметшілері, Филиалда қайта даярлау курсынан өтуші мемлекеттік қызметшілер, Филиалдың профессорлық – оқытушылық құрамы қатысады.
Жобаның мақсаты – тиімді көшбасшылық пен кәсіби басқару негіздерін тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Жоба аясында Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы Филиалда
қайта даярлау курсынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілерімен
мемлекеттік басқарудың әлемдік тәжірибелік жетістіктерімен және
мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісті.