2020 жылдың алғашқы курс тыңдаушылары жобалық жұмыстарын қорғады.
Жоба мемлекеттік қызметшілерге өзгермелі әлемде, ғаламдану, цифрлану кезеңінде күнделікті қызметін жетілдіруге мүмкіндік береді, тиімді әрекеттерге, жаңашылдықтарды енгізуге батылдық береді.
Жоба жас талғамайды 22-56 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер дайындаған келесі жобаларды:
«Өз жеріңді танып біл» Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы жаппай мектеп туризмін дамыту;
«Сауатты жаза білу өркениет өнегесі» алғаш мемлекеттік қызметшіге көмекші құрал;
«Е – Таңдау» – халықтың дауыс беруі!
«SPS – successful public servant» кәсіби дамыту алаңдарын ашу;
«Алғашқы көмек көрсету бекеті;
» KazFle» киіз фетр өнімін шығару;
«Comfortty саябақтар»;
«Жылы ұя» кондоминиум төлемдері
құрамында «Ақтөбе – адалдық» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев, Экономика ғылымдарының магистрі Сұлтан Мажитов, Филиалдың жетекші сарапшысы Жанболат Кенжебаев енген комиссия тарапынан сараланды, бағаланды.
Сараптаудан өткен жобалардың жүзеге асырылуына қолдау көрсету мақсатында олар тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
Мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан тыңдаушыларымызды тағы бір асуды бағындыруымен құттықтаймыз!