Жаңалықтар

«БОЛАШАҚ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ: СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ, КҮРДЕЛІ МІНДЕТТЕРДІ ШЕШУ»

18 – 22 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалында «БОЛАШАҚ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ: СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ, КҮРДЕЛІ МІНДЕТТЕРДІ ШЕШУ» тақырыбындағы онлайн біліктілікті арттыру семинары мемлекеттік қызметшілердің ұтымды, тиімді, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және күрделі міндеттерді шешу құзыреттері деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

  Семинар барысында тыңдаушылар:

–              Сыни ойлау туралы түсінік және оның сипаттамалары

–              Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары

–              Сыни ойлау модельдері, іс – әрекет принциптері

–              Латын негізіндегі жаңа әліпби, құрлымы, ерекшелігі, жазылымы

–              Латын графикасы негізіндегі ресми стильдің орфографиялық нормалары;

–              Сыни анализ және шешім қабылдау

–              Күрделі мәселелерді шеше білу

–              Шешім нұсқалары және қателерді анықтау, оңтайландыру жолдары

–              Stress management – күйзеліс кезіндегі міндеттерді шешу

–              Time management – міндеттерді шешудегі тиімді құрал

–              Сыни ойлаудағы эмоционалдық интеллект туралы тақырыптарда өтетін вебинар, брейнсторминг, интерактивті пікірталастарға қатыса отырып, көшбасшылық, бастамашылдық, өзін -өзі дамыту, стратегиялық ойлау, шешім қабылдау құзыреттерін дамытады.

Семинар 3 module-да жүргізіледі:

  • Pre-Module: тыңдаушылар алдын-ала оқуға қажетті материалдармен танысады;
  • OnLine Module – оқытушы-профессорлар құрамының көмегімен, тыңдаушылардың қатысуымен Zoom платформасында семинар өткізіледі;
  • Post-Module:семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға 2 апта ішінде посттренингтік кеңес беріледі.