Бүгін 2020 жылдың алғашқы, яғни «Үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық кеңестермен жұмыс ерекшеліктері» ЖӘНЕ «Мансап және отбасы: теңгерімді қалай сақтауға болады?» семинарларының тыңдаушылары алғашқы ЭЛЕКТРОНДЫ СЕРТИФИКАТ иегерлері атанды.
Филиал ұжымы өз жұмысын жетілдіруде тыңдаушылардың пікір-ұсыныстарын өте маңызды деп біледі. Сондықтан әр семинар соңында кері байланыс жүргізеді.
Бүгінгі кері байланыс әдеттегіден өзгерек өтті. Тыңдаушылар:
«МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БАСШЫСЫНЫҢ ФИЛИАЛДАҒЫ БІР КҮНІ» жобасының қолға алынуы сәтті бастама екендігін атап өтті;
Адалдық дүкенінің ұйымдастырылуына оң бағаларын берді;
«Теңдессіз сый» акциясы аясында Кітапхана қорының «Абай жолы» эпопеясымен толығуына мүмкіндік туды;
Тыңдаушылар арасындағы «Pre-sessional» курсының қатысушысы Академияның магистратура бағдарламаларына оқуға түсуге қатысты Филиал тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктермен бөлісті, әріптестерін кәсіби жетілуді одан әрі арттыруға шақырды.
Семинар Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнімен қорытындыланды.