Дәл осындай жоба бүгін Филиалда бастау алды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастама тастады, Филиал қолдады.
Бұл жобаның басты мақсаты неде?
Бүгінгі күннің талабына сәйкес мемлекеттік қызметшінің лауазымына сәйкес дағдылар мен құзіреттіліктерді меңгеріп қана қоюы жеткіліксіз. Тұтынушыға бағдарлануда, халыққа қызмет көрсетуде әр саладан хабардар болуы да аса маңызды. Осы мақсатта облыстық басқарма басшылары өздеріне тиесілі салалар бойынша Мемлекеттік бағдарламалардың облыс көлемінде орындалу барысы жөнінде хабардар етіп, тыңдаушы-әріптестерін толғандырған сұрақтарға жауап бермек.
Бүгінгі Филиалда өтіп жатқан біліктілікті арттыру семинарларына:
Кәсіпкерлік басқармасы;
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы;
Денсаулық сақтау басқармасы;
Білім басқармасы;
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
Мемлекеттік сатып алулар басқармасы;
Энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы басқармасы өкілдері тыңдаушылармен ашық диалог өткізді.
Жалпы, мұндай ашық диалог алаңдары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысатын әр мемлекеттік қызметшінің толыққанды біліммен қарулануына жасалған тағы бір қадам деп білеміз.