«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақтөбе облысы бойынша филиалы 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен олардың біліктілігін арттыру семинарлары шеңберінде төмендегі бағыттар бойынша ақылы негізде дәрістер өткізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды:
- HR менеджмент
- Цифрлық трансформация
- Коммуникативтік менеджмент
- Бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу
- Жергілікті өзін-өзі басқару
- Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері
- Әлеуметтік желілер және қоғаммен байланыс технологиялары
- Клиентке бағдарлану
- Деректерді визуализациялау және талдау
- Бухгалтерлік және қаржылық есеп
- Бизнес процестерді оңтайландыру
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) Мемлекеттік қызмет саласында практикалық тәжірибесінің және/немесе тренингтер өткізу тәжірибесінің болуы (мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда) кемінде 3 жыл;
2) жоғары білімінің/магистр дәрежесінің болуы, PhD дәрежесінің болуы құпталады;
3) мемлекеттік, сондай-ақ орыс тілін білу;
4) оқытудың интерактивті әдістемелерін білу;
5) ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше).
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 13-27 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Үміткерлер 2022 жылғы 27 қаңтар сағат 17.30-ға дейінгі мерзімде akt.info@apa.kz электрондық поштаға презентациялық материалдарды жіберуі қажет.
Қойылатын талаптарға сәйкес келетін үміткерлер 2022 жылғы 1-2 ақпан аралығында комиссия мүшелерімен өздерінің бағдарламаларын (мемлекеттік/орыс тілдерінде) таныстыру үшін әңгімелесуге шақырылатын болады.
Презентацияда мыналарды көрсету қажет:
– мақсат, міндет, тақырыптық жоспар, оқыту әдістері, пайдаланылған әдебиеттер тізімі (соңғы 5 жылда);
– кейстер мен жаттығулар.
Анықтама телефондары: 8 (7132) 74-30-56, 74-30-52