Жаңалықтар

«ӨҢІРДІҢ ИНДУСТРИАЛДЫҚ САЯСАТЫН ДАМЫТУ»

18 – 22 мамыр аралығына жоспарланған «ӨҢІРДІҢ ИНДУСТРИАЛДЫҚ САЯСАТЫН ДАМЫТУ» тақырыбындағы ри онлайн біліктілікті арттыру семинары аудан әкімінің дәрісімен басталды.

         Филиалда қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызмет саласының үздіктері, облыс, аудан, қала басшыларының қатысуымен қонақ дәрістер өткізу дәстүрге айналған. Бұл үрдіс онлайн форматта да өз жалғасын табуда. Бүгінгі қонақ дәрісті Әйтеке би ауданының әкімі Ермағанбетов Дархан Жанысханұлы жүргізді. «Өңірдің индустриялық саясатын дамыту және инвестиция тарту» тақырыбында өткен вебинар тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырды. Сұрақтар қойылды, осы салада біраз жыл еңбек еткен кәсіби маман тұщымды жауап берді.

   Семинар барысында тыңдаушылар:

-Өңірдің индустриалды саясатын дамыту және инвестиция тарту

-Индустриалдық саясат: негізгі ұғымы және заманауи мазмұны

– Өңірді басқарудағы коучингтің маңыздылығы және тәсілдері

– Өңірдің индустриалдық дамуының мықты және әлсіз тұстары

– Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамытудың мүмкіндіктері

– Өңірдің индустриялдық саясатын дамытудағы тайм – менеджмент рөлі

– Қазіргі кезеңдегі ҚР индустриалдық саясаты және бағыты

– Өңірдің индустриялдық саясатын дамытудағы жобалық менеджмент маңыздылығы

– Аумақтық индустриалды саясатты дамытудағы цифровизацияның үлесі

– Өңір іскер әйелдерінің индустриалдық саясатты дамытудағы ролі

– ҚР инвестициялық қызметті ұйымдастыру және қолдау бағыттарында өтетін вебинар, брейнсторминг, интерактивті пікірталастарға қатыса отырып, көшбасшылық, бастамашылдық, өзін – өзі дамыту, стратегиялық ойлау, шешім қабылдау құзыреттерін дамытады.

 Айта кетерлік жайт, семинар соңында тыңдаушылар өңірдің шикізаттық емес секторын дамыту бойынша жобалық жұмыстарын әзірлеп, «Идеялар фабрикасына» ұсынады.