Жаңалықтар

QAZAQ RESMI TEST жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби қазақ тілінің дамуына жаңа серпін береді

Қазақстан Республикасында қазақ тілін оқу мектепке дейінгі кезеңнен бастап жоғары білімді қоса алғанда нормативті түрде білім беру стандарттарында қарастырылған.

Кәсіби қызметте қазақ тілін жалпы деңгейде ғана меңгеріп қоймай, ресми-іскерлік стильдегі түрлі мәтіндерді құрастыра алу қажет және көпшілік алдында ресми сөйлеу стратегияларын қолдану керек. Академияда Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді деңгей бойынша оқыту тұжырымдамасы бекітілген, оның негізінде QAZAQ RESMI TEST әзірленді.

Әдіснама авторларының бірі, Мемлекеттік басқару академиясының  Мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі Нәзигүл Төленбергенованың айтуынша, Академияда мемлекеттік тілді оқытудың тіл саясатын кешенді түрде қарастырады. Біріншіден, тестілеуден өтушінің ағымдағы деңгейі бағаланады және оның қазақ тілін оқу траекториясы құрылады. Екіншіден, мемлекеттік тілді оқытуда кәсіби жазу және шешендік өнер дағдыларын дамытуға ден қойылады.

Авторлар  QAZAQ RESMI TEST-тің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беретіндігіне сенімді.

QAZAQRESMITEST әдіснамасы Тілді деңгей бойынша оқыту тұжырымдамасына сәйкес және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламалары негізінде әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді және орфография, тыңдалым, оқылым, жазылым және қазақ тілінің ресми-іскерлік стилінде сөйлеу бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі нормаларды қамтиды.

CEFR жүйесіне сәйкес білім алушылардың тіл білімін 3 топқа бөледі, олардың әрқайсысы өз кезегінде 2 топқа бөлінеді.

АНЫҚТАМА ҮШІН: әуел бастан CEFR шет тілін бағалауға бағдарланған, алайда кейіннен кез келген тілді меңгеру деңгейін бағалаудың тірек жүйесіне айналды. CEFR  шкаласына сәйкес қазақ тілін игерудің жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейлері келесідей:

А1 – ресми-іскерлік стильдің қарапайым лексикасы, қарапайым сөйлемдер арқылы ауызша коммуникация. Әңгімелесуде қарапайым сөз тіркестерін пайдалану.

А2 – орфографиялық нормалар мен диалогтардың негіздері. Қарапайым сөйлемдерді құрастыру. Сөйлемдерді, сұрақтарды, диалогтарды ести алу. Қарапайым сөйлемдер арқылы жеке пікірін білдіру.

В1 – орфографиялық нормалар және мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу. Тірек сөздер арқылы мәтін құрастыру. Қарапайым сөйлемдер арқылы жеке пікірін дәйекті етіп жеткізу. Қарапайым диалог жүргізу.

В2 – ресми хат және көпшілік алдында сөз сөйлеу. Оқиғаларды сипаттау, мысалдарды дәйек, дәлел ретінде пайдалану. Күрделілігі орташа диалогтарды жүргізу.

С1 – мемлекеттік тілде кәсіби коммуникация жасау және хат жазу дағдылары.  Күрделі сөйлемдерді пайдана отырып, талдамалық хаттар жазу, сарапшылық қорытындылар жасау. Көпшілік алдында баяндама жасау. Көпшіліктің күрделі сұрақтарына дәйекті жауап беру.

С2 – мемлекеттік қызметшілердің жазбаша коммуникациясы және шешендік өнері. Жазбаша коммуникацияны және шешенді өнерді қоса алғанда, коммуникацияның түрлерін еркін пайдалану.