Қиын қызметкерлермен жұмыс жасау
Бүгін басшыларға арналған семинарда Филиалдың штаттан тыс оқытушысы Сейлханова Жанар «Қиын қызметкерлермен жұмыс жасау» тақырыбында семинар тренинг өткізді.
Негізгі мақсат – басқару дағдыларын зерделеу және қызмет нәтижелерін жақсарту мақсатында қызметшілерді ынталандыру үшін тиімді әдістерді қолдану, сонымен бірге қиынқызметкерлермен жұмыс жасауды зерттеу.
Тренингте қиын, яғни: қырсық мінезді, ақпаратты қабылдамайтын, жауапкершілігі жоқ, қатесін мойындамайтын, өзін-өзі дамытпайтын қызметкерлермен тиімді жұмыс жасау үшін келіссөз,ашық әңгімелесу, “сен” және “мен” хабарламасы, коучинг, трансформациялық сұрақтар арқылы жұмысты оңтайландыру әдістері қарастырылды.
Қиын қызметкерлермен жұмыс жасау
