Жаңалықтар

ЖАҢА ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

Филиалда «Басшылық қызметтегі мемлекеттік қызметшілердің  жақын әлеуметтік ортасына арналған тренингтер»  жобасы бастау алды.

Жоба мемлекеттік орган басшысының жеке брендін және оның брендінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде басшының жақын әлеуметтік ортасын тұлғалық дамыту жүйесіне тарту арқылы тұлғалық өсу мәдениетін нығайтуға бағытталған.

Жоба ясында 17 наурыз күні басшылардың жұбайларына арналған «Дамуға арналған меншікті уакыт»   тақырыбындағы тренинг өтті.

Тренинг нәтижесінде  қатысушылар жеке тұлғалық даму диагностикасын жүргізіп, тұлғалық профилін анықтап, сол арқылы өзін-өзі дамыту жолдарын белгіледі.

Басымдықтар, жоспарлау, тиімділік, тайм-менеджмент техникалары мен әдістерін меңгереді.