Бүгінгі күні Ақтөбе облысының Жобалық кеңсесі жобалық басқару элементтерін және ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, облыстағы барлық жүзеге асырылатын бюджеттік немесе бюджеттен тыс қаржыландырылатын инвестициялық жобалар мен іс-шараларға бақылау жүргізуде.
Ақтөбе облысы жобалық кеңсесінің басқарушы комитеті отырысының хаттамалық-тапсырмасы негізінде өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарты негізінде жобалық басқару бойынша оқыту және сертификаттауға дайындау мақсатында бекітілген жоспарға сай 40 академиялық сағат көлемінде семинарлыр өткізілуде.
Семинар нәтижесінде тыңдаушылар жобаларды әзірлеу мен басқарудың мазмұнын, ұйымдастырушылық негіздерін және тиімділігін бағалау бойынша дағдыларын жетілдіреді.