Жаңалықтар

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіруге шақырамыз!

Көшбасшылық қасиеттерге ие, ынталы және креативті, ел игілігі үшін қызмет етуге дайын қоғам мүшелерін Academy of Public Administration under the President of Kazakhstanда жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіруге шақырамыз!

Академия ректоры Ерлан Абил:

Академия жыл сайын магистратура мен докторантураға оқуға түсу форматын жетілдіріп отырады. Биылғы жылы іріктеу келесідей тәртіпте өткізіледі: 

▪️ағылшын тілінің деңгейін анықтау (APTIS, Duolingo);
▪️жазбаша жұмыстарды бағалау (эссе/ зерттеу жұмысының жоспары);
▪️ кейсті шешу және әңгімелесу
▪️мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін анықтауға арналған тестілеу;
▪️ құзыреттілікті бағалау (оқуға қабылданғаннан кейін).

Пандемияға байланысты туындаған жағдайды ескере отырып, Академия аталған кезеңдердің барлығын ОНЛАЙН түрде өткізуге шешім қабылдады.

Ағылшын тілі бойынша APTIS тестілеуі 26 маусымда мен 17 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында оффлайн форматта өтеді, ал Duolingo онлайн форматта https://englishtest.duolingo.com/ru сайтында өтетін болады.

«Жазбаша жұмыстарды бағалау» кезеңі онлайн форматта өтеді, жұмыстарды бағалау (алдын ала үміткерлердің аттары шифрленеді) академияның бірыңғай платформасында жүргізілетін болады. Үміткерлердің жазбаша жұмыстары сыртқы және ішкі сарапшылар бағалайды және оларға кодталған жұмыстар кездейсоқ таратылады.

Әңгімелесу кезеңі ағымдағы жылдың 20-31 шілде аралығында қабылдау комиссиясымен бекітілген кестеге сәйкес онлайн форматта өткізіледі. Әңгімелесу кезеңін кем дегенде комиссияның бес мүшесі бағалайды. Бағалауға 10 минут уақыт беріледі, қойылған бағалар автоматты түрде жүйеде сақталады.

ІРІКТЕУ НӘТИЖЕСІ 7 ТАМЫЗДА БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ.

Сондай-ақ, осы жылғы іріктеу кезеңіне қазақ тілінен қосымша тестілеу енгізілді. Үміткерлердің ерікті түрде тест өткеннен кейін мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін анықтап, оларға тілдік дағдыларды арттыру мақсатында ұсыныс жасалады. Мұндай шара Академиядағы оқыту жүйесі үш тілде жүргізілетініне байланысты қабылданды.